Құрметті сайтқа келушілер, қош келдіңіздер!

Сіздерді Бородулиха аудандық мәслихатының ресми сайтында қарсы алуға шын ниетпен қуаныштымын. Біздің сайт Бородулиха ауданындағы өкілетті билік органының қызметі туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және жергілікті мемлекеттік  басқару  органдары мен тұрғындар арасындағы қарым -қатынасты, өзара келісімді қалыптастырады деген үміттемін.

Құрметпен, аудандық мәслихат хатшысы  У. Майжанов

Жаңалықтар

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы.

2020 жылдың 30 қарашасында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы – Уәлихан Төкенұлы Майжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары-тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері, дербес бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Онлайн режимінде ауданның ауылдық және кенттік округ әкімдері қатысты.

"Жүктелген функциялар мен міндеттер туралы" Новошульба, Құнарлы, Белағаш, Подборный, Петропавл, Андреев, Таврия ауылдық округтерінің әкімдері және Жезкент кенттік округінің әкімі  есеп берді.

Бородулиха ауылдық округі әкімінің аппараты «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» «Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.С. Жемағұлов, «Бородулиха ауданының Бородулиха ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы «2020 жылғы 16 қаңтардағы №46-5 - VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ж. К. Ахметов баяндама жасады.

Сондай-ақ, комиссия отырысы барысында ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.М. Жаймұхамедовтың «Бородулиха ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару, көму бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» және «жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы» есебі тыңдалды.

«Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы» мәселе бойынша Бородулиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Б.М. Маймақов есеп берді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды және тиісті ұсыныстар берілді.

Бұдан әрі, отырыстың күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланып, бекітілді.

 

Толығырақ...
 
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бесінші сессиясы өткізілді

2020 жылғы 30 қарашада аудандық мәслихатының депутаты - У.М.Эфендиевтің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс LV сессиясы өтті.

Сессия отырысының күн тәртібінде «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе қаралынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ...
 
Қоғамдық комиссия құрылды

Бүгінгі таңда бәріміз қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз, короновирустық инфекцияның жаhандық өршуі бүкіл әлемге шабуыл жасауды жалғастыруда.

Толығырақ...
 
VI шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА!

VI шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс LV сессиясы 2020 жылдың 30 қарашасында сағат 10:00-де аудандық әкімдіктің кіші залында (Тәуелсіздік көш, 69) өтеді.


Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы   № 45-5-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Әртүрлі.

 

Бородулиха аудандық

мәслихат хатшысы                                                                   У. Майжанов

 
Жаңа технологияларды енгізу – өсімдік шаруашылығының дамуында табысты кепілі.

Бородулиха ауданы жер ресурстарының айтарлықтай әлеуетіне ие, Шығыс Қазақстан облысының ірі агроөнеркәсіптік аудандарының бірі болып табылады. Ауданның негізгі байлығы оның адамдары мен қазба байлықтары және құнарлы қасиеттеріне бай жер болып саналады. Бородулиха ауданы облысының егіс алқабының 30%  құрайтыны да кездейсоқ емес.

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
-