Құрметті сайтқа келушілер, қош келдіңіздер!

Сіздерді Бородулиха аудандық мәслихатының ресми сайтында қарсы алуға шын ниетпен қуаныштымын. Біздің сайт Бородулиха ауданындағы өкілетті билік органының қызметі туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және жергілікті мемлекеттік  басқару  органдары мен тұрғындар арасындағы қарым -қатынасты, өзара келісімді қалыптастырады деген үміттемін.

Құрметпен, аудандық мәслихат хатшысы  У. Майжанов

Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қазіргі күні жыл сайынғы дәстүрлі сенбілікке айналған, «Нұр Отан» ХДП қолдауымен Бородулиха ауылында аудан орталығын тазарту, көріктендіру жұмыстары бойынша жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік кеңес өкіметінде туындаса да, қазіргі таңда өзінің маңыздылығын жоймай келеді. Осы аталған іс шараға бородулиха аудандық мәслихатының аппараты да бір кісідей ат салысып, өздеріне бекітілген аумақта тазалаық жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ...
 
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

2013 жылдың 11 сәуірінде Бородулиха аудандық мәслихатының агроөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті, отырысты комиссия төрағасы Сергей Николаевич Быков жүргізді. Осы іс-шарада аудандық мәслихат хатшысы У.Т. Майжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары Р.С. Бергенев, Ю.Г. Ковязин, Т.А. Оразаев қатысты. Баяндамашылар ретінде Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы М.Т. Жақсылықов, «Семей Орманы» МОТР ММ Бородулиха филиалының директоры Г.Н. Сопов, «Семей Орманы» МОТР ММ Новошульба филиалының директоры Н.Б. Бақытбеков шақырылды.

Толығырақ...
 
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудандық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Кималидин Сағалбайұлы Әпеновтің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқықтық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы болып өтті.

Отырыс жұмысына Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы       У.Т. Майжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары Р.С. Бергенев,               Ю.Г. Ковязин, Т.А. Оразаев, Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы М.Ш. Досмағамбетова, «Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Э.Т. Қоңырбаев қатысты.

Толығырақ...
 
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XIII СЕССИЯСЫ

2013 жылдың 27 наурызында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Бородулиха аудандық мәслихаттың хатшысы, сессия төрағасы Уәлихан Төкенұлы Майжановтың төрағалық етуімен V шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы болып өтті.

Толығырақ...
 
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

2013 жылдың 15 наурызында аудандық мәслихат депутаты Валентина Михайловна Ежованың төрағалық етуімен депутаттық өкілеттік және этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы болып өтті.

Күн тәртібінде «Ауданның елді мекендерінде санитарлық тазалық жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» және  «Бородулиха ауданының аз қамтылған азаматтарын әлеуметтік қолдау және олардың тұрмыстық сапасын жақсарту туралы» мәселелер қарастырылған болатын.

Комиссия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссия мүшелері   У.М. Эфендиев, Г.М. Бақтыбаева, Д.Ә. Сәлімова,  Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Ғ.Қ. Сүлейменов, Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.М. Бергенев қатысты.

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 101 102 103 104 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
-