Құрметті сайтқа келушілер, қош келдіңіздер!

Сіздерді Бородулиха аудандық мәслихатының ресми сайтында қарсы алуға шын ниетпен қуаныштымын. Біздің сайт Бородулиха ауданындағы өкілетті билік органының қызметі туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және жергілікті мемлекеттік  басқару  органдары мен тұрғындар арасындағы қарым -қатынасты, өзара келісімді қалыптастырады деген үміттемін.

Құрметпен, аудандық мәслихат хатшысы  У. Майжанов

Жаңалықтар

«БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУ» АТТЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

2013 жылдың 30 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың депутаттары Валентина Михайловна Ежова, Динара Әжіғұмарқызы Сәлімова Өскемен қаласының оқушылар шығармашылық үйінде өткен «Болашақты құру» атты әйелдердің республикалық форумына қатысып қайтты. Форум өңір және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әйелдердің қатысу белсенділігі бойынша ұсыныстарын талықылау мен жасауына бағытталған болатын.

Толығырақ...
 
БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН...

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының бекітілгендігіне үшінші жыл толып, медициналық-әлеуметтік мекеме жұмысына енгізілген өзгерістер оң бағасын беруде. Соның нәтижесінде осы қызметті алушылар арасында моральдік-психологиялық климаттың өзгергендігі анық байқалады.  Қазіргі таңда қызмет түрін алушылардың жартысынан көбі белгілі бір жұмыс түрімен айналысады: шеберханада жұмыс жасау немесе шаруашылыққа қөмек көрсету, емдік дене тәрбиесі бойынша сабақтарға, көркем өнерпаздардың байқауына қатысу. Сонымен қатар, кітапханаға, тоңазытқышқа, тұрмыстық бөлмеге, гүл өсіру клубына жауапты адамдар бар. Қамқорлыққа алынған адамдар өзгелердің көмегін қажет ететіндерге көмек көрсетеді, олармен әңгімелесе отырып, қолдау білдіреді, қатты сырқат адамдарға тұрмыста көмек қолын созады.

Толығырақ...
 
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ «НҰР ОТАН» ХДП АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ XIV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде Бородулиха аудандық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының XIV кезектен тыс конференциясына қатысты. Конференцияға аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары – депутаттық фракция мүшелері, алғашқы партиялық ұйымдардың өкілдері, ауылдық округ және Жезкент кентінің әкімдері, аудандық ұйымдар мен мекемелердің, дербес бөлімдердің басшылары, партиялық бақылау комиссиясының және жемқорлықпен күресу жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, оқу орындарының басшылары, «Жемқорлықпен күресу жөніндегі Қоғамдық Кеңесі» ХДП жастар тобының мүшелері, «Нұр Отан» «Жас Отан» ХДП жастар тобының мүшелері, қоғамдық және бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.

Толығырақ...
 
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ҚАЗТЕСТ ТАПСЫРДЫ

2013 жылдың 16 қыркүйегінде Бородулиха ауданының мемлекеттік қызметшілері Семей қаласында қазақ тiлiн меңгеру деңгейін бағалау жүйесi – ҚАЗТЕСТ-тен өтті.

Тестілеуге қатысқандардың арасында Бородулиха аудандық мәслихаттың қызметшілері де болды. Тестілеуді Астана қаласының Ұлттық тестілеу орталығының мамандары жүргізді.

Толығырақ...
 
Жергілікті әлеуетті нығайту және жоспарлау мен бағдарламаларды іске асыруға қоғамды тарту бойынша семинар өтті

«Өңірлік жоспарлауға инновациялық көзқарасты енгізу және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату» жобасын іске асыру мақсатында 2013 жылдың 2-4 қыркүйегі аралығында аудандық мәслихат депутаттары үшін Семей қаласында семинар жүргізілді. Аталған семинарды «Павлодар регионалдық басқару мектебі» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Семинар жұмысына Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары К.С.Әпенов, Ю.Г. Ковязин, Т.А. Оразаев қатысты.

Семинардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік, жергілікті басқару және өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері бойынша осы заманға сай білім жүйесін депутаттар арасында қалыптастыру.

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
-