Құрметті сайтқа келушілер, қош келдіңіздер!

Сіздерді Бородулиха аудандық мәслихатының ресми сайтында қарсы алуға шын ниетпен қуаныштымын. Біздің сайт Бородулиха ауданындағы өкілетті билік органының қызметі туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және жергілікті мемлекеттік  басқару  органдары мен тұрғындар арасындағы қарым -қатынасты, өзара келісімді қалыптастырады деген үміттемін.

Құрметпен, аудандық мәслихат хатшысы  У. Майжанов

Жаңалықтар

СОСТОЯЛОСЬ ПЛАНОВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПОСТОЯННОЙ КОМИССИИ РАЙОННОГО МАСЛИХАТА

17 июля 2013 года в Бородулихинском районном маслихате под председательством депутата районного маслихата, председателя постоянной комиссии К.С. Апенова состоялось плановое заседание постоянной комиссии по вопросам развития промышленности, строительства, транспорта, связи, предпринимательства, законности и правопорядка.

Толығырақ...
 
V шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА!

V шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясы 2013 жылдың 17 шілдесінде 10:00 сағатта аудандық әкімдіктің (Тәуелсіздік к., 69) кіші мәжіліс залында өтеді.

Толығырақ...
 
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XV СЕССИЯСЫ

2013 жылдың 28 маусымында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты, сессия төрағасы Д.Ә. Сәлімованың төрағалық етуімен V шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы болып өтті.

Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары В.Л. Кошелев, Бородулиха ауданының әкімі Г.И. Акулов, облыстық мәслихаттың депутаты Е.Ә. Зайтенов, облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі Любовь Авдеевна Шокарева, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық соттың төрағасы Еркен Сыдықұлы Исхаков, ШҚО бойынша ҰҚК Бородулиха бөлімінің басшысы Василий Михайлович Дерябин, АІІБ бастығы Решат Төлегенұлы Рамазанов, ауылдық және кенттік округ әкімдері, дербес бөлімдердің, аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Леонидович Кошелев аудандық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында Бородулиха ауданының әкімін тағайындауға келісім беру үшін депутаттарға Григорий Иосифович Акуловтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Е.Ә. Зайтенов және облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі Л.А. Шокарева Г.И. Акуловтың келешектегі жұмысына табыс тілеп, сонымен қатар жаңадан тағайындалған әкімге өздерінің қолдауларын білдірді.

Кезекті он бесінші сессияда «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімі басшысының м.а.                                А. Тұмарбектің «Бородулиха ауданындағы 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасының орындалу барысы туралы», Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысының м.а. З.С. Қожахметованың «2013-2015 жылдарға арналған ШҚО Бородулиха ауданындағы жер ресурстарын қорғау, топырақтың құнарлылығын арттыру бойынша жерді тиімді пайдаланудың өңірлік бағдарламасының орындалу барысы туралы» баяндамалары тыңдалды. Депутат, тұрақты комиссиясының төрағасы В.М. Ежова депутаттық өкілеттік және этика,  білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік  жоспарлау мәселелері бойынша тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп берді. Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.М. Бергенев «Бородулиха ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы»2012 жылғы 13 шілдедегі № 6-4-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» мәселелер бойынша түсіндірді.

Сонымен қатар, кезекті сессияның жұмыс барысында әр түрлі мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне енген барлық  мәселелер бойынша сәйкес шешімдер қабылданды.

Бородулиха аудандық мәслихатының аппараты

Толығырақ...
 
V шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА!

V шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының кезектi XV сессиясы 2013 жылдың 28 маусымында 10:00 сағатта аудандық әкімдіктің (Тәуелсіздік к., 69) кіші мәжіліс залында өтеді.

Толығырақ...
 
Ақ халатты абзал жан туралы

Мақаламды бастамас бұрын орыс халқының ұлы жазушысы А.П. Чеховтың мына сөзін еске алуды жөн көрдім: «Дәрігердің мамандығы - бұл ерлік, ол өзіне құрбан болуды талап етеді, ойдың ниеттің адал болуын қажет етеді», «Дәрігер ой санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болу керек».

Дәрігерлік кәсіп – бұл ең адамгершіл, сонымен қатар өте жауапты мамандық. Дәрігер болу үшін бейімділік, икемділік, қабілеттілік, ауру адамның сенімін ала білуі, ол адамды өзінің ауруымен күрестіре білуі керек.

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Маслихаттың шешiмi

-