Құрметті бородулихалықтар!

Сізді ұлттық келісім мен қоғамдық тұрақтылық идеясын біріктіретін мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бейбітшілікке ұмтылу, жақсылық пен жасампаздық, еңбекқорлық-құндылықтар еліміздің дамуына, өркендеуіне ықпал ететін басты қозғаушы күші болып табылады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің ауызбіршілігі – біздің жетістіктер мен жеңістеріміздің, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы танымалдығының негізі.

Көктемгі жаңару мен болашаққа деген жарқын үмітті бейнелейтін осынау мереке күндері Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс тілеймін.

Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында әрқашан бейбітшілік, келісім мен ынтымақ орнасын!

Құрметпен,

аудандық мәслихаттың хатшысы    У.Майжанов