Құрметті бородулихалықтар!

Сізді Отан қорғаушылар Күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке батылдық, жанқиярлық, абырой мен ар-намысты бейнелейді, бірінші кезекте қарулы күштерде қызмет ететін немесе қызмет еткен жандардың барлығын біріктіреді.

Сонымен қатар, Отан – біздің еліміздің шекарасы ғана емес, бұл-туған өлке, үй, отбасы, жүрекке жақын  адамдар мен жұмыс. Оларды сақтау және қорғау,  өз жұмысын лайықты орындау, нәтижеге жауапты болу бұл да әскери борышты орындау сияқты маңызды.

Сізге зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен амандық тілеймін. Сіздердің өмірлеріңіз жарқын оқиғаларға, табыстар мен жетістіктерге толы болсын, ал біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен тыныштық орнасын!

Құрметпен,

аудандық мәслихаттың хатшысы                          У.Майжанов