Құрметті бородулихалықтар!

Сізді қасиетті және ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Біздің бостандығымыз бен лайықты өмір сүру құқығымызды қорғаған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері өшпейді. Ол ерлік, батылдық пен патриоттық сезімнің үлгісі болып табылады.

Біз, бізге бейбіт өмір, еркін еңбек ету және жарқын болашаққа үміт сыйлағандардың алдында мәңгі қарыздармыз. Біздің борышымыз - Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естеліктерді келер  ұрпаққа өсиет етіп, қаза тапқан бір де бір сарбазды ұмытпай, соғыс пен еңбек майданының тірі батырларына тағзым ету.

Осы жарқын мамыр күндері сіздерге бейбітшілік, амандық, Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы істеріңіз бен  бастамаларыңызға табыс тілеймін!

Құрметпен,

аудандық мәслихаттың хатшысы   У.Майжанов