Бородулиха ауданының Переменовка ауылдық және Жезкент кенттік округтерінің әкімдерінін сайлауы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36, 36-1 баптарына сәйкес, 22 мамырда Бородулиха аудандық әкімдігінің үлкен залында Переменовка ауылдық және Жезкент кенттік округтерінің әкімінің кезектен тыс сайлау өтті.

Отырыста 13 тандаушылардан (аудандық мәслихат депутаттарынан)    10 қатысты.

Отырысты аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы - В.М.Ежова ашты, әрі қарай дауыс беру тәртібі туралы түсініктемемен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – С.Р. Харченко сөз алды.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша аудандық аумақтық комиссияның шешімімен Переменовка ауылдық округінің әкімі Қунтая Айтқұлұлы Отұзбаев, Жезкент кенті округінің әкімі Бахыт Рысқұлқызы Садықова сайланды.

 

 

Аудандық мәслихат аппараты