Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

22 мамырда Бородулиха аудандық мәслихатында агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т. М. Жаймұхамедов ауданның елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Ауылдық және кенттік округ әкімдерімен бірлесіп ауданның елді мекендеріндегі көшелердің тиісті эстетикалық түрін және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы ауданның ветеринария бөлімінің басшысы Е. З. Шакенов хабардар етті. Депутаттар ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезге қарсы вакцинациялау, жеке сектордағы мал өлген жағдайда паталогиялық материалды іріктеу, мал қорымын салу бойынша сұрақтар қойды. Талқылау қорытындысы бойынша ауданда ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыру, «ШҚО Бородулиха ауданының ветеринарлық қызметі» КМК теңгеріміне мал қорымын беру бойынша жұмысты аяқтау ұсынылды.

Күн тәртібіндегі жоспарлы мәселелерді қарау қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар мен оларды орындау бойынша ақпарат беру мерзімдері бар қаулылар қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты