«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бородулиха аудандықмәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмеккөрсетудің, оныңмөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,Бородулиха аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 тамызда, «Пульс района», «Аудан тынысы» аудандық газеттерінде 2017 жылғы 4 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әлеуметтік көмек бір рет немесе мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

Балабақшаларға баратын көп балалы отбасыларының балалары және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін әлеуметтік көмек ай сайын көрсетіледі.»;

7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;»;

келесі мазмұндағы 7-тармақ 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16)балабақшаларға баратын көп балалы отбасыларының балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Бородулиха ауданының әкімдігі бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі.       Балабақшаларға баратынкөп балалы отбасыларының балаларыжәне мүмкіндігі шектеулі балалар үшін - «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомості бойынша.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                             А. Әубәкіров

Аудандық мәслихат хатшысы                                                     У. Майжанов