АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТТАТАРЫНЫҢ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУІ

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері даусыз. Олардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланысты.     Елбасының, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мықты және табысты Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған стратегиялық бағытын жүзеге асыру арқасында жоғары халықаралық беделге қол жеткізіп, жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысына айналды. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты интеграциялық үдерістердің бастамашысы болып табылады. Біздің мемлекетіміз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді.

Мемлекет әлеуметтік саясатты тиімді жаңғырту, кәсіпкерлікті қаржылық қолдау, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін жақсарту мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Ең басты жетістік бейбітшілік, бірлік пен келісімнің сақталуы екендігін атап өту қажет.

Біз, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері кезектен тыс ХІХ съезде ұсынылған ҚР Президенттігіне кандидат Қ. Тоқаевты бірауыздан қолдаймыз.

Қазақстанның болашағы және тұрақтылықты сақтау үшін зор маңызы бар, мемлекет үшін тағдыршешті кезеңді атап өте отырып, Бородулиха ауданының барлық тұрғындарын 2019 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дауыс беруге қатысуға және біздің халқымыздың бірлігі үшін, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үшін, өмір сүру деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін саяси бағытты жалғастыру үшін дауыс беруге шақырамыз!