ӨЗ ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА !

Аудандық мәслихаттың депутаттары, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық қоғамдық штабының мүшелері халықпен, еңбек ұжымдарының қызметкерлерімен, жұртшылықпен кездесулер өткізуде.

Осы кездесулердің мақсаты сабақтастық, әділдік және прогресс қағидаттарынан құрылған кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының бағыттарын түсіндіру болып табылады.   Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша "Нұр Отан" партиясының электоралды науқанының үгіт – насихат кезеңі шеңберінде "BIRGE" жалпы ұлттық акциясы өткізілуде, оның негізгі мақсаты сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинауды және талдауды ұйымдастыру.

Мәслихат депутаттары күшті де беделді Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған Елбасы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентің Н.Ә Назарбаевтың стратегиялық курсының жүзеге асырылуы арқасында елімізде бейбітшілік, келісім және бірлік орнатылғандығын тілге тиек етуде. Бұл құндылықтар біздің бүгінгі жетістіктеріміздің негізі болып табылады, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы осы құндылықтарды сақтауға бағытталған.

Депутаттық фракция мүшелері Тәуелсіздік жылдарында қолжеткізген жетістіктердің нақты мысалдарын келтіре отырып, Қазақстанның болашаққа ілгерілеуі Елбасының барлық қолданыстағы бағдарламалары мен бастамалары сақталған жағдайда ғана мүмкін екендігін атап өтті, оны жалғастырушы Қ.Тоқаев болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, келіп түскен сұрақтарға жауап бере отырып, депутаттар қатысушыларды азаматтық белсенділік танытуға шақырады - 9 маусым күні сайлау учаскесіне келіп, бәріміз үшін тұрақты өмір деңгейін қамтамасыз ететін біздің халқымыздың бірлігі үшін, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үшін дауыс беруге, саяси бағытты жалғастыруға шақырады!.

«Нұр Отан» партиясының

депутаттық фракциясы