Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының   2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14285 нөмірімен тіркелген), сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бородулиха ауданының Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтер осы шешімнің  қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат хатшысы                                                         У. Майжанов

Бородулиха аудандық мәслихатының

2019 жылғы «__» _________ № ______ шешіміне қосымша

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды ескерусіз Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтер

№ п/п

Атауы

Есептік

бірлік

Бағасы, теңге

(ҚҚС-сыз)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көму (жайлы және жайлы емес үйлер)

1 адам

181

2

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көму

1 шаршы метр

1451,22

3

Жеке, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, және шығару

1 шаршы метр

778,44

4

Жеке, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды көму

1 шаршы метр

672,77