Құрметті Бородулиха ауданының медицина қызметкерлері !

Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз - тек терең білімді, үлкен жауапкершілікті, шеберлікті ғана емес, сондай-ақ ерекше моральдық қасиеттерді: мейірімділік, сезімталдық, өзгелердің қайғы-қасіретін бөлісу қабілетін талап ететін ауырлығы мол күнделікті жұмыс үшін алғыс білдіруге мүмкіндік береді.

Ерекше төзімділік және еңбекқорлықпен жұмыс жасай отырып, адамдардың денсаулықтарын қалпына келтіріп, оларға қайтадан жана өмір бастауға көмек қолын созып, болашаққа үміт артып, жаңа жоспарлар жасауға мүмкіндік сыйлайсыздар.

Сіздер көрсеткен қамқорлық пен жылулық әр науқастың жүрегіне жетіп, еселеніп өздеріңізге оралсын. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мол бақыт, табыс тілейміз!

Құрметпен,

аудандық мәслихаттың хатшысы    У.Майжанов