Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 39-6-VI шешімі

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 – баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Өз еріктерімен міндеттерінен босату туралы берген өтініштері негізінде, Шығыс Қазақстан облысыБородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен босатылсын:

Голубева Татьяна Юрьевна– «Нұр Отан» партиясы» ҚБ, Шелехово ауылының № 390 округтік сайлау комиссиясы;

Дисюпова Райгуль Мубараковна – «Ауыл» ХДПП» ҚБ, Коростели ауылының № 395округтік сайлау комиссиясы;

Бычихина Ирина Витальевна – «Ауыл» ХДПП» ҚБ, Ивановка ауылының№ 397 округтік сайлау комиссиясы;

Айтказина Меруерт Асхатовна– «Бірлік» саяси партиясы» ҚБ, Жезкент кентінің № 403 округтік сайлау комиссиясы;

Харченко Лариса Николаевна– «Нұр Отан» партиясы» ҚБ, Жерновка ауылының № 422 округтік сайлау комиссиясы;

Имарова Ольга Олеговна– «Бірлік» саяси партиясы» ҚБ,Михайличенково ауылының№ 425 округтік сайлау комиссиясы;

Диденко Александр Петрович– «Ақ жол» ҚДП» ҚБ, Сахновка ауылының № 432 округтік сайлау комиссиясы;

Шрейдер Светлана Вильгельмовна– «Жасыл Орман» орман шаруашылығын бірлесіп басқаруды дамытуға жәрдемдесу» ҚБ, Сахновка ауылының № 432 округтік сайлау комиссиясы.

2. Саяси партиялар учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қабылданатын үміткерлер бойынша 2019 жылдың 13 шілдесіне дейін ұсыныстарын енгізсін.

3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                     В. Мокроусова

Аудандық мәслихат хатшысы                                             У. Майжанов