Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

28 маусымда Бородулиха аудандық мәслихатында өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың хатшысы - У. Т. Майжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бородулиха ауданының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бөлігінде «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратпен ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының м.а. М. Қ. Нұрлыбеков сөз сөйледі.

Ақпаратты талқылау барысында депутаттар комиссия құрамына қоғам өкілдерін міндетті түрде қатыстыра отырып, жүргізілетін жұмыстардың сапасы бойынша бақылауды ұйымдастыруды, ЖСҚ бар сумен жабдықтау объектілерінің құрылысын іске асыру, қайта жаңарту және сараптаманың оң қорытындылары бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы Бородулиха ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мониторингжүргізубөлімі басшысының м.а. В. М. Примак хабардар етті.

Депутаттармен тексеру барысында анықталған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің бұзушылықтары, электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына халықты оқытуды ұйымдастыру бойынша сұрақтар қойылды. Талқылау қорытындысы бойынша қызмет берушілер арасында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша жұмыс жүргізу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру ұсынылды.

Күн тәртібінің жоспарланған мәселелерінің қорытындылары бойынша нақты ұсынымдар мен орындау мерзімдерімен қаулылар қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты