Аудандық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өткізілді

Аудан әкімдігінің үлкен залында № 10 Дмитриевка сайлау округінің депутаты-Виктория Анатольевна Мокроусованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі-Ольга Александровна Булавкина, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері мен активі,аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, дербес бөлімдердің басшылары, ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Бородулиха ауданының әкімі Ольга Александровна Булавкина жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

Ольга Александровна қатысушыларды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстар мен перспективалық арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

Баяндаманы талқылау бойынша депутаттық өкілеттік және этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік - мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы, №5 Жезкент сайлау округінің депутаты В. М. Ежова сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде ауданның органдарыатқарушы, мекемелерімен мемлекеттік бағдарламаларды орындау, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілетіндігің атап өтті. Оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, білім беру саласында. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Елді мекендерді абаттандыру мәселесіне баса назар аударылуда - воркаут-алаңдар орнатылуда, скверлер, саябақтар жөнделуде, жолдарды жазғы, қысқы ұстау жүргізілуде, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде, аудан орталығында автобекет құрылысы аяқталуда.

Бөлімше басшыларынаң бюджетке түсетін түсімдердің қосымша көздерін анықтау, конкурстық рәсімдерді өткізу және олар бойынша сапалы жұмыс жүргізугеназар аударуды ұсынылды.

Аудан әкімінің жұмысын қанағаттанарлық деп тану ұсынысын аудандық мәслихаттың барлық депутаттары бірауыздан қолдады.

Бородулиха ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы М. М. Смаилова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы ақпаратпен сөз сөйледі.

Аудандық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқықтық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жұмысы туралытұрақты комиссияның төрағасы Қ. С. Әпенов баяндады. Есеп беру соңында комиссия мүшелері алдағы уақытта да біздің ауданымызды одан әрі дамытуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп, тұрақты комиссияның қабылдаған қаулылары мен аудандық мәслихат шешімдерінің орындалу барысын бақылауға тиісті назар аударатынын атап өтті.

Сессияда аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес «Бородулиха ауданының Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы» , «ШҚО Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы», «VI шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті қырқыншы сессиясының төрағасы туралы» аудандық мәслихаттың шешімдері қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты