ШҚО Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 39-5-VІ ШЕШІМІ

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы  1 шілдеде 6042  нөмірімен тіркелген.

Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 14285 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                         В. Мокроусова

Аудандық мәслихат хатшысы                                                 У. Майжанов

Бородулиха аудандық мәслихатының

2019 жылғы 28 маусымдағы

№ 39-5-VI шешіміне

қосымша

Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтер

р/б

Атауы

Есептік

бірлік

Қызметтің құны, теңге

(ҚҚС-сыз)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көмуге тариф

 

1.1

Жайлы иеліктегі үйлер

Тұрғын/айына

181

1.2

Жайсыз иеліктегі үйлер

Тұрғын/айына

181

1.3

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 текше метр

1451,22

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды

көмуге тариф

 

2.1

Жеке тұлғалар үшін

1 текше метр

672,77

2.2

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 текше метр

672,77