Бородулиха ауданының Новодворовка ауылдық округінің әкімін сайлау

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36, 36-1 –бабтарына сәйкес, 6 тамызда Бородулиха ауданы әкімдігінің  үлкен залында, кезектен тыс Новодворовка ауылдық округінің әкімін сайлау өткізілді.

Отырысқа 13 сайлаушының (аудандық мәслихат депутаттарының) 9 қатысты.

Құпия дауыс беру нәтижесі бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен, Новодворовка ауылдық округінің әкімі болып Досмагамбетова Марина Шамильевна сайланды.

 

 

Аудандық мәслихат аппараты