Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

6 тамызда Бородулиха аудандық мәслихатында депутаттық өкілеттік және этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы  № 31-2-VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» баяндамамен Бородулиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а. – Н.В. Гузеева сөз сөйледі. Ол қатысушыларға бюджетті нақтылау үшін облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді және дамуға арналған трансферттерді бөлу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаражатты қайта бөлу негіз болғандығын хабарлады. Талқылау қорытындысы бойынша шешім жобасын кезекті сессияға бекітуге енгізу ұсынылды.

Бородулиха ауданының аз қамтылған тұлғаларын әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы ақпаратпен Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы – Д.М. Бергенев сөз сөйледі.

Депутаттар ақпаратты талқылау барысында аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғаудың көрсетілетін түрлері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, қайырымдылық акциялары шеңберінде материалдық көмек көрсету үшін мекемелерді, мемлекеттік емес ұйымдарды, жастарды тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы  жастар ресурстық орталығының директоры – Д.К. Хасенова ақпарат берді.

Депутаттар ауылдық және кенттік округ әкімдерімен бірлескен жұмыстар бойынша бюджет қаражатын жоспарлау және игеру жөнінде  сұрақтар қойды. Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған шаралар кешенін орындау бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру, өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттық хабарлау мүмкіндігін кеңінен пайдалану ұсынылды.

Күн тәртібіндегі жоспарлы мәселелерді қарау қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар мен оларды орындау бойынша ақпарат беру мерзімдері бар қаулылар қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты