Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырықыншы сессиясы өткізілді

Аудан әкімдігінің кіші залында № 9 Бородулиха сайлау округінің депутаты –Умуд Муса-оғлы Эфендиевтің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырықыншы  сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі – Ольга Александровна Булавкина, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлімдердің басшылары, ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың  келесі шешімдері қабылданды: «Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 31-2-VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»; «2019 жылғы 14 қантардағы №34-2-VI «Бородулиха ауданының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы»; «Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы  №31-4-VI «2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Аудандық мәслихат аппараты