«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының  6-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы   21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 тамызда, «Пульс района», «Аудан тынысы» аудандық газеттерінде 2017 жылғы 4 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

6 - тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

7 - тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын;

8 - тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

12 - тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынаң Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 35 айлық есептік көрсеткіш;»;

12 - тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға – 4,5 айлық есептік көрсеткіш;»;

12 – тармақ мынадай мазмундағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні:

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 25 айлық есептік көрсеткіш.».

2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                                У. Эфендиев

Аудандық мәслихат хатшысы                                                       У. Майжанов

 

Маслихаттың шешiмi