VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА!

VІ шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIII сессиясы 2019 жылдың 26 қарашада сағат 11:00-де аудандық әкімдіктің (Тәуелсіздік к., 69) кіші мәжіліс залында өтеді.

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

1. «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы  № 31-2-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. «2016-2020 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасын бекіту туралы»  Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22  желтоқсандағы № 38-8-V шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.

3. Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29-2-V «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағиданы бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы.

5. Бородулиха ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы.

6. VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясының төрағасы туралы.

Бородулиха аудандық

мәслихат хатшысы                                                                        У. Майжанов