Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстары өтті

26 қарашада Бородулиха аудандық мәслихатта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстары өтті.

Отырыс жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 31-2-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрақ бойынша баяндамамен Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы – А.Қ.Байболова сөз сөйледі. Ол қатысушыларға бюджетті нақтылау үшін ағымдағы нысаналы трансферттерді және дамуға арналған трансферттерді қайта бөлу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында қаражатты қайта бөлу негіз болғандығын хабарлады. Талқылау нәтижесі бойынша шешімнің жобасын кезектен тыс  43 сессияға бекітуге енгізу ұсынылды.

Өртке қарсы қауіпсіздік бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы ақпаратпен Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің бастығы – К.С.Ризин сөз сөйледі.

Ақпаратты талқылау барысында депутаттар ТЖ бөліміне халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына иіс газын бергішті сатып алу үшін бюджеттік қаражаттарды бөлу туралы хатпен өтініш беруді ұсынды.

Жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау туралы ауданның ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері хабарлады. Депутаттар бюджеттің кіріс бөлігін орындау,  жыл ішінде бюджетті нақтылау, жолдарды тазалау бойынша сұрақтар қойды.

Қаулыны қабылдау кезінде депутаттар барлық салаларда болжамдалған көрсеткіштерді орындауға, сайлаушылар аманатын жүзеге асыру бойынша сайлаушылар округтерінің депутаттарымен бірге жұмыс атқаруға, бюджеттік қаражаттарды уақытында және толық игеруге ерекше көңіл аударды.

Күн тәртібінің жоспарлы сұрақтарын қарау нәтижелері бойынша нақты ұсыныстармен және оларды орындау бойынша ақпарат ұсыну мерзімдерімен қаулылар қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты