Аудандық мәслихаттың қырық үшінші кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық әкімдіктің кіші залында №4 Жезкент сайлаушылар округінің депутаты – Апенов Кималидин Сагалбаевичтің төрағалық етуімен, аудандық мәслихаттың кезектен тыс 43 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі – Ольга Александровна Булавкина, дербес бөлім басшылары, ауылдық және кенттік округтер әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 31-2-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші сұрақ бойынша баяндамамен Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы – А.Қ.Байболова сөз сөйледі.

Сессияда, аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес: «2016-2020 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының аймақтарын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №38-8-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы»; «Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы                   26 қаңтардағы № 29-2-V «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағиданы бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлаушылар комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы»; «Бородулиха ауданы әкімдігінің дербес құрамын өзгертуді келісу туралы» аудандық мәслихаттың шешімдері қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты