VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА!

VІ шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті XLV сессиясы 2019 жылдың 20 желтоқсанда сағат 15:00-де аудандық Мәдениет үйінде (Достық к., 217) өтеді.

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндамашы: Әлмира Қадырбайқызы Байболова – Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы.

2. Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының есебі.

Баяндамашы: Уәлихан Төкенұлы Майжанов – Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы.

3. Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

4. Әртүрлі.

Бородулиха аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов