VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА!

VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы 2019 жылдың 19 желтоқсанда сағат 10:00-да аудандық әкімдіктің (Тәуелсіздік к., 69) кіші мәжіліс залында өтеді.

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

1. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-6-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылдың 14 қаңтарындағы № 34-2-VI «Бородулиха ауданының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының  мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 32-2-VI «2019-2021 жылдарға арналған Бородулиха ауданының Белағаш ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 32-3-VI «2019-2021 жылдарға арналған Бородулиха ауданының Бородулиха ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 32-4-VI «2019-2021 жылдарға арналған Бородулиха ауданының Новопокровка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 32-5-VI «2019-2021 жылдарға арналған Бородулиха ауданының Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7. Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 32-6-VI «2019-2021 жылдарға арналған Бородулиха ауданының Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

8. Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 32-7-VI «2019-2021 жылдарға арналған Бородулиха ауданының Жезкент кенттік округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9. VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясының төрағасы туралы.

 

Бородулиха аудандық

мәслихат хатшысы                                                                        У. Майжанов