Осы жылдың 20 желтоқсанында «Бородулиха ауданы тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешудегі өкілді және атқарушы органдардың бірлескен қызметі туралы» тақырыбында семинар өтті.

Осы жылдың 20 желтоқсанында «Бородулиха ауданы тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешудегі өкілді және атқарушы органдардың бірлескен қызметі туралы» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына Бородулиха ауданының әкімі – Ольга Александровна Булавкина, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты – Ерлан Әмірбекұлы Зәйтенов, аудан әкімінің орынбасарлары және  Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бастығы, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Семинар шегінде Белағаш және Новопокровка ауылдық округтерінің маңызы бар объектілері-   Зенковка ауылындағы хоккей модулін, Краснополь орта мектебіндегі робототехника кабинетін,  «Балдәурен» шағын орталығын, директоры аудандық мәслихат депутаты – Юрий Геннадьевич Ковязин болып табылатын "Лина-агро" ЖШС  және  Новопокровка ауылындағы жергілікті тарихи мұражайларға барып келді.