Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 32-6-VI «2019-2021 жылдарға арналған Бородулиха ауданының Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 26.12.2019 жылы № 6447 болып енгізілді

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы  № 32-6-VI «2019-2021 жылдарға арналған Бородулиха ауданының  Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-8-197 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 22 қаңтарда, «Пульс района», «Аудан тынысы» аудандық газеттерінде 2019 жылғы 25 қаңтарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2019-2021 жылдарға арналған Переменовка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 32207 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 5210 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 26997 мың теңге;

2) шығындар – 32238,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -31,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 31,8 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 31,8 мың теңге.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. 2019 жылға арналған Переменовка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1004 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов