Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесі

6 ақпанда Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Бородулиха ауданының әкімі - Ольга Александровна Булавкина, Қоғамдық кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің 2020 жылға арналған Жұмыс жоспарының жобасын талқылау және келісу, «2019 жылдың Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» Бородулиха ауданының әкімі –О.А. Булавкинаның есебі.