«Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-6-VI шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 47-10-VI шешімі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6874 нөмірімен тіркелген

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-6-VІ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 сәуірде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы А. Кудушев

Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

 

 

Маслихаттың шешiмi