«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 47-14-VI шешімі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6910 нөмірімен тіркелген

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы   6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының  2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде               2017 жылғы 1 тамызда, «Пульс района», «Аудан тынысы» аудандық газеттерінде 2017 жылғы 4 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

1-тармақтын 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлемдер түрінде негіздемелердің бірі бойынша көрсетiледi. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек бір рет және/немесе мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) тағайындалады.»;

11-тармақтын 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 215,983 айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;

12-тармақтын 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар – 33,400 айлық есептік көрсеткіш;

Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары – 23,857 айлық есептік көрсеткіш;»;

12-тармақтын 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Жеңіс Күні – 9 мамыр:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 215,983 айлық есептік көрсеткіш;

екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерiне (күйеулерiне) – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы        9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 15,299 айлық есептік көрсеткіш;»;

12-тармақтын 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға – 4,294 айлық есептік көрсеткіш;»;

12-тармақтын 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) 30 тамыз – ҚазақстанРеспубликасының Конституция күні:

ҚазақстанРеспубликасынасіңіргенерекшееңбегіүшінзейнетақытағайындалғанадамдарға – 23,857 айлықесептіккөрсеткіш.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 13-тармағына сәйкес өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтiнiшке қоса құжаттар ұсынылады.

Өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

Табиғи зілзаланың салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап алты ай ішінде береді.

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан залал келтірілген адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысын есептемей көрсетіледі.».

2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы А. Кудушев

Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

 

Маслихаттың шешiмi