Сіздерді Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75-жылдығымен құттықтаймын!

Сіздерді  Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75-жылдығымен  құттықтаймын!

Жеңіс күні-қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған, біздің еліміздің әрбір тұрғынының жүрегінде ерекше орын алатын күн.

Біз теңдессіз ерліктерімен табандылықтары ғасырлар бойы жасай беретін ардагерлерімізді, батырларымызды мақтан тұтамыз! Олар бүгінгі ұрпақ үшін отанға деген махаббаттың, отаншылдықтың  жарқын  үлгісі болып қала бермек!

Бүгінгі бейбіт уақытта, біз олардың арқасында тыныш енбек етіп, өмірге қуанып, балаларымызды тәрбиелеудеміз! Біз оларды еске түсіріп құрметтейміз, Жеңіс үшін бәрін құрбан еткен біздің батырларымыздың арқасында біз болашаққа жоспар құрып ертеңгі күнімізді алаңдамай ойлаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін. Аспанымыз ашық болсын, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен, аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                У.Майжанов

 

Маслихаттың шешiмi