«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2020 жылғы 27 сәуірдегі № 49-2-VI шешімі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

7051 нөмірімен тіркелген

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы  № 35/389-VI шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 38/424-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6993 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6500 нөмірімен тіркелген, Казакстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 қантарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6725024,6 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 916033 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10826 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 32906 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5765259,6 мың теңге;

2) шығындар – 7115228,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 107225 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 139178 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 31953 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 тенге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -497428,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  497428,7мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 418610 мың тенге;

қарыздарды өтеу – 31953 мың тенге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 110771,7 мың теңге.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8.2020 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1323184 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және кредиттер 465591,5 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

 

Құжатты жүктеу

 

Маслихаттың шешiмi