Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2020 жылғы 16 маусымдағы № 50-3-VI шешімі

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі  Конституциялық Заңының 10, 19-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен босатылсын:

өз еріктерімен міндеттерінен босату туралы берген өтініштері негізінде:

Ярохович Владимир Васильевич – «Нұр Отан» партиясы» ҚБ, Дмитриевка ауылының № 382 учаскелік сайлау комиссиясы;

Исабекова Жумагуль Тюлюгалиевна – «Ақ жол» ҚДП» ҚБ, Шелехово ауылының № 390 учаскелік сайлау комиссиясы;

Кумарова Назым Тусуповна – «Ақ жол» ҚДП» ҚБ, Жезкент кентінің  № 1157 учаскелік сайлау комиссиясы;

Голоденко Анна Павловна – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ, Жезкент кентінің   № 1157 учаскелік сайлау комиссиясы;

Сергазина Гуля Калеловна – «Жасыл Орман» орман шаруашылығын бірлесіп басқаруды дамытуға жәрдемдесу» ҚБ, Жезкент кентінің № 1157 учаскелік сайлау комиссиясы;

әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен негізінді:

Олжабаева Жанар Ануарбековна – «Ақ жол» ҚДП» ҚБ, Бек-Карьер ауылының № 389 учаскелік сайлау комиссиясы;

Крапотина Наталья Юрьевна – «Нұр Отан» партиясы» ҚБ, Шелехово ауылының № 390 учаскелік сайлау комиссиясы;

Касимова Багдат Касымовна – «Жасыл Орман» орман шаруашылығын бірлесіп басқаруды дамытуға жәрдемдесу» ҚБ, Орловка ауылының № 402 учаскелік сайлау комиссиясы;

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан негізінде:

Соколова Елена Николаевна – «Бірлік» саяси партиясы» ҚБ, Успенка ауылының № 379 учаскелік сайлау комиссиясы;

қайтыс болған негізінде:

Тулюбаева Умут Тукеновна – «ҚКХП» ҚБ, Ақши ауылының № 420 учаскелік сайлау комиссиясы.

2. Саяси партиялар учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қабылданатын үміткерлер бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұсыныстарын енгізсін.

3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.

 

Сессия төрағасы,

аудандық мәслихат хатшысы                                                   У. Майжанов