Депутаттық фракция отырысы.

2020 жылдың 16 маусымында Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына аудандық мәслихат хатшысы – Уәлихан Төкенұлы Майжанов, депутаттық фракцияның мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасы Сенатының депутатына үміткерді ұсыну туралы» мәселе қарастырылды.

Отырыс барысында депутаттық фракциясының басшысы Умуд Муса-оглы Эфендиев «Nur Otan»  партиясының Бородулиха аудандық филиалынан депутаттық фракциядан үміткер Бородулиха ауданының әкімі – Ольга Александровна Булавкинаны ұсынды.

«Nur Otan» партиясынан, Қазақстан Республикасының Сенатының депутатына үміткер Ольга Александровна Булавкинаны ұсынуға депутаттық фракцияның мүшелері бірауыздан дауыс берді.