Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елуінші сессиясы өткізілді

2020 жылдың 16 маусымында  аудандық мәслихатының хатшысы – У.Т. Майжановтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс L  сессиясы өтті.

Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасы Парламент Сенатына депутаттыққа үміткерді ұсыну туралы» мәселе қарастырылды.

Сессия жұмысының барысында депутаттық фракция басшысы Умуд Муса-оглы Эфендиевтен «Nur Otan» партиясының Бородулиха аудандық филиалының депутаттық фракциясынан Бородулиха ауданының әкімі-Ольга Александровна Булавкинаны ұсыну туралы ұсыныс түсті.

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатына депутаттыққа үміткер Ольга Александровна Булавкинаны ұсынуға аудандық мәслихаттың депутаттары бір ауыздан дауыс берді.

Сонымен қатар, сессия отырысының күн тәртібінде Шығыс-Қазақстан облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату және VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті елу бірінші сессиясының төрағасы туралы мәселе қарастырылды.