Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2020 жылдың 16 маусымында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кезекті бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы – Уәлихан Төкенұлы Майжанов, аудандық мәслихат депутаттары – тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Халықтың кішімобильді топтары үшін әлеуметтік және көлік объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысының м.а. – Е.Б.Кусаинова, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарды алдын алу бойынша қолданылатын шаралар туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы – Н.Қ.Көкшебаева, «Бородулиха ауданының тұрғындарының сандық сауаттылықтарын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» есебімен аудандық әкім аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингісі бөлімінің басшысы – В.Г.Драчев сөз сөйледі, сонымен қатар «Бородулиха ауданының аудандық маңызы бар жолдарды, елді мекендердің көшелерін қыста ұстауға дайындық туралы» ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы - Т.М.Жаймұхамедовтың ақпараты, «Бородулиха ауданының шаруашылық субъектілері жерлерді тиімді пайдалану бойынша шараларды жүзеге асыру туралы» жер қатынастары бөлімінің басшысының ақпараты тыңдалды.

Одан әрі, отырыстың күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулылары талқыланды және бақылаудан алынды.

Барлық қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды, басшыларға сәйкес ұсыныстар берілді.