«2020–2022 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің бюджеті туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қантардағы № 46-16-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 102–1 бабының 6–тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2020-2022 жылдарға арналған Бородулиха ауданының Петропавловка ауылдық округінің бюджеті туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қантардағы № 46-16-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6627 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 23 қаңтарда, «Пульс района», «Аудан тынысы» аудандық газеттерінде 2020 жылғы 21 ақпанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған Петропавловка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 35229 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 10394 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 6458 мын теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

трансферттер түсімі - 18377 мың теңге;

2) шығындар - 35229 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

 

Бағдарламаны жүктеу