«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № ______-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде _____ нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6500 нөмірімен тіркелген, Казакстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 қантарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7030893,8 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1063259,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10826 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 32906 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5923901,9 мың теңге;

2) шығындар – 7421097,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 107225 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 139178 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 31953 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -497428,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   497428,7 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 418610 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 31953 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 110771,7 мың теңге.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1374554 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және кредиттер 571651 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер 80621,8 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сессия төрағасы

Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

 

Бағдарламаны жүктеу