Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен құттықтаймын!

Нұр-Сұлтан – қазақстандықтардың мақтанышы, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны, біздің жас мемлекетіміздің тұрақтылығы мен экономикалық өсуінің белгісі. Астананың көз алдымызда өзгеруі, технологиялық жаңа қалаға айналуы, Қазақстанның қарқынды дамуын білдіреді.

Осы мерекелі күнде сіздерге жақсылық пен бейбітшілік, бақыт пен амандық тілеймін. Біздің астанамыз күннен күнге гүлденіп, құлпыра берсін және әлем астаналарының арасында лайықты орын алсын!

Құрметпен,

Бородулиха аудандық

мәслихатының хатшысы  У.Майжанов