Аудандық мәслихаттың кезекті елу бірінші сессиясы өтті

2020 жылдың 3 шілдеде Бородулиха  аудандық мәслихатының депутаты – В.М. Ежованың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті LI  сессиясы видеоконференция режимінде өтті. Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі – Ольга Александровна Булавкина қатысты.

Күн тәртібінде Ольга Александровна Булавкинаның «Жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы туралы» есебі, заң бөлімі басшысының м.а. М.М. Смаилованың «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету тапсырмалары бойынша ауданның мемлекеттік органдарының жұмысы туралы», аудандық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы – К.С. Әпеновтың «Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқықтық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жұмысы туралы» есебі қарастырылды.

Аудандық мәслихатының депутаттары, есепті  тыңдап, аудан әкімі - Ольга Александровна Булавкинаныңқызметі Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму негізгі көрсеткіштерінің, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсаруынегізінде,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Президенттің және Үкіметтің қаулыларына, мемлекеттік бағдарламаларына,  Шығыс Қазақстан облысы әкімініңтапсырмаларынасәйкесжүзеге асырылды деп атап өтілді. Соңымен қатар, сессия жұмысы барысында баяндамашыларға тиісті ұсыныстар берілді.

«Әртүрлі» мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.