Шығыс Қазақстан облысынан ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидаттың аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесуі

2020 жылғы 24 шілдеде Бородулиха ауданы әкімі аппаратының жиналыс залында ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа Шығыс қазақстан облысынан кандидат Ольга Александровна Булавкина Бородулиха аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесті.

Кездесуді кандидаттың сенімді өкілі Нұркешев Марат Аждарұлы өткізді. ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидат О.А. Булавкина қатысушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтары өңірдегі бар проблемалық мәселелерді нақты шешу жолдары болып табылады. Кандидаттың бағдарламасының міндеттері денсаулықсақтау, білім беру, әлеуметтік және басқада маңызды салалардың сапалы қызметтеріне қол жеткізуге бағытталған», - деп кандидаттың сенімді өкілі М.А. Нұркешев атап өтті.

Кездесу барысында аудандық мәслихаттың депутаттары сөз сөйлеп, О.А.Булавкинаның кандидатурасына қолдау білдірді.

 

Маслихаттың шешiмi