БОРОДУЛИХА АУДАНЫНЫҢ БАҚЫ ЖӘНЕ СТЕПНОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36, 36-1 – баптарына сәйкес, 2020 жылғы 24 шілдеде Бородулиха ауданы әкімдігінің жиналыс залында, кезектен тыс Бақы ауылдық округінің және кезекті Степной ауылдық округінің әкімдерін сайлау өткізілді.

Отырысты аудандық мәслихат хатшысы - У.Т. Майжанов ашты, әрі қарай дауыс беру тәртібі туралы түсініктемемен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – С.Р. Харченко сөз алды.

Құпия дауыс беру нәтижесі бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен, Бақы ауылдық округінің әкімі Эльдар Серікұлы Бергенев, Степной ауылдық округінің әкімі Әділбек Халиоллаұлы Жұнісов сайланды.