ҚҰРМЕТТІ БОРОДУЛИХА ауданының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Конституция еліміздің әрбір азаматы үшін құқық пен бостандық кепілі болып, жеке көзқарас пен шығармашылықты жүзеге асыруда еркіндік берді.

Бұл мереке өркендеуші мемлекеттің, қоғамдық келісімнің және саяси тұрақтылықтың нышаны болып табылады.

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, жұмысыңызда табыс және жетістік, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілеймін!

Құрметпен,

аудандық мәслихаттың хатшысы    У.Майжанов

 

Маслихаттың шешiмi