Аудандық мәслихаттың кезекті елу үшінші сессиясы өтті

2020 жылғы 25 шілдеде Бородулиха аудандық мәслихаттың депутаты Т.А. Оразаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті LIII сессиясы өтті.

Күн тәртібінде аз қамтылған азаматтарды, көпбалалы отбасыларын, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат тыңдалды.

Сонай-ақ аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның мүшесі Т.А. Оразаветың «Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша тұрақты комиссияның жұмысы туралы» есебі қаралды.

Сессия жұмысының барысында баяндамашыларға тиісті ұсынымдар берілді.

«Басқа мәселелер» бөлімі бойынша тиісті шешім қабылданды.

 

Маслихаттың шешiмi