1 қазанда күздің ең ерекше мерекелерінің бірі – Қарттар күні аталып өтіледі.

1 қазанда күздің ең ерекше мерекелерінің бірі – Қарттар күні аталып өтіледі. Бұл – әкелеріміз бен аналарымызға, аталарымыз бен апаларымызға алғыс айтып, жылы лебіз білдіретін күн.

Мереке күні Бородулиха аудандық мәслихаттың хатшысы Майжанов У.Т. аудандағы қарияларды құттықтау, сыйлықтарын тарту етті.

Уәлихан Төкенұлы қазыналы қарттарымызға өнегелі өмір жолдарында қалдырған өшпес іздері мен қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі сіңірген еңбектері үшін құттықтау сөздер арнап, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілей отырып,  сый-сыяпаттар таратты.

 

 

 

 

 

 

 

Маслихаттың шешiмi