Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2020 жылғы 25 қыркүектегі № 53-9-VI шешімі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

7619 нөмірімен тіркелген

Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Айқындалсын:

осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын және оның шекті толу нормалары;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында арнайы орынды пайдалану тәртібі;

осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы Т. Оразаев

Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

 

Қолданбаларды жүктеп алыңыз

 

Маслихаттың шешiмi