Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясы өткізілді

2020 жылғы 23 қазанда аудандық мәслихатының депутаты – У.М.Эфендиевтың төрағалығымен онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс LIV сессиясы өтті.

Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ақпаратпен «ШҚО Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшысының м.а. Омарова Гульмира Жанабаевна сөз сөйледі.

Сондай-ақ сессия отырысы барысында Бородулиха аудандық мәслихатының ауданның Бақы, Бель-Ағаш, Жерновка, Кұнарлы, Новопокровка, Переменовка, Петропавловка ауылдық округтерінің бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар және «Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №38-8-V «2016-2020 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының аумақты дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы сұрағы қарастырылды.

Қарастырылған сұрақтар бойынша аудандық мәслихаттың шешімі қабылданды.

 

Маслихаттың шешiмi