Мәслихат депутаттарының үндеуі Бородулиха ауданының тұрғындарына!

Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары!

Бүгін бүкіл әлем, соның ішінде біздің Республикамыз қиын кезеңді бастан кешуде, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті короновирус эпидемиясы ғаламдық пандемияға калай ұласқанына барлығымыз куәміз.

Короновирус бүкіл әлемге «шабуыл» жасауды жалғастыруда, бүгінгі таңда Қазақстанда 112 мыңнан астам адам ауырып жатыр. Пандемияның екінші толқыны күтілуде.

Елде және әлемде болып жатқан оқиғалар бәрімізге қатысты. «Біздің еліміз пандемияға қарсы тұруды жалғастыруда. Біз барлық ресурстарды қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жұмылдырдық»-деп Мемлекет Басшысы өз жолдауында атап өткендей, халықтың қауіпсіздік мәселесі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Қ.Ахметовтың ерекше бақылауында. Барлық мемлекеттік қызметтер мен бөлімдер короновируспен  күрес бойынша шаралар қабылдау үшін өзара іс-қимыл алгоритмдері әзірледі. Тұрғындар арасында короновирустық инфекцияның болдырмауына, белгілеленген шектеулі шаралардың сақталуына бағытталған бақылау бойынша ауданда мобильді топтар құрылып, жұмыс жүргізілуде.

«Құрметті жерлестер», осы жағдайда көп нәрсе біздің жеке санамыз бен жауапкершілігімізге байланысты. Біздің ортақ міндетіміз - аудан тұрғындары арасында короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу.

Біз, аудан маслихат депутаттары, короновирус инфекциясының ұлғаймауына бағытталған барлық қауіпсіздік шараларын бұлжытпай сақтауды барлықтарыңыздан сұраймыз. Бұл қатаң түрде бетперде тағу, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу, барлық қажетті дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу. Сонымен қатар қонақтарды шақырумен өтетін мерекелерден бас тартуды ұсынамыз. Үйлену тойлар, туған күн кештері, мерекелер т.б. – өте маңызды шаралар, бірақ денсаулық  мәселесі маңыздырақ.

Вирус әлі де қауіпті, ол өте тез таралады және оны жұқтыру оңай.

Өз ауылымыздың, округтің, ауданның тұрғындарына түсіністік пен құрмет көрсетуді, азық-түлік және бірінші қажеттілік тауарларларының бағасын көтермеуді аудан кәсіпкерлеріне ерекше үндеу жолдап сұраймыз. Дүкендер мен сауда нүктелерінде қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша алдын алу іс-шараларды жүргізуді жеке бақылаума алынсын. Қызмет көрсету және сауда саласының барлық қызметкерлерін бетперделермен, дезинфекциялық құралдармен және санитайзерлермен қамтамасыз ету.

Құрметті жерлестер!

Барлық ұсыныстарды бірге орындап, тыныштықты сақтай отырып, біз бұл ауруды жеңеміз. Өздеріңізді, өз отбасыларыңызды, жақындарыңызды, туыстарыңызды және айналадағы адамдарды күтіңіз. Ең бастысы,аман болыңыздар!

Құрметпен, аудандық мәслихат депутаттары

 

Маслихаттың шешiмi